Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан мен Швейцария арасында зергерлік заттар экспортының талаптары жеңілдейді

ktk.kz

Қазақстан мен Швейцария арасында зергерлік заттар экспортының талаптары жеңілдейді

Келісім Қазақстан Республикасы мен Швейцария Конфедерациясы арасында бағалы металдардан жасалған заттардың саудасын дамытуға, сондай-ақ металдың құрамын қайта тексеру және қосарланған таңбалау рәсімін оңтайландыруға ықпал етеді. «Қазіргі кезде Қазақстан заңнамасына сәйкес зергерлік заттар міндетті түрде еліміздің таңбасымен белгіленеді. Дегенмен, бүкіл әлемде танылған Швейцариядағы зергерлік заттардың сапасын назарға ала отырып, Қазақстан жағы қайта таңбалауды жүргізбейтін болады. Өзара қарым-қатынас қағидаты бойынша Қазақстаннан Швейцарияға әкетілетін зергерлік заттар да таңбалауға жатпайды. Келісімді қабылдау зергерлік заттарды қайда таңбалауды қажет етпейді», - деді ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шaкқалиев. Оның айтуынша, аталған қадамдарды ескере отырып, зергерлік заттарды экспорттау кезінде әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. «Белгіленген рәсімдерді жеңілдету экспорттың өсуіне жанама әсер етуі мүмкін. Атап айтқанда, Швейцария жағы осындай келісімдерді Ресей Федерациясымен, Франциямен, Италиямен, Австриямен, Испаниямен жасады. Келісімде заңнаманың барлық талаптары ескерілген. Оны ратификациялау Қазақстан Республикасының заңдарына өзгеріс енгізуге алып келмейді», - деді А. Шaкқалиев. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024