«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшылығы ауысты
Бұл туралы Kznews.kz медиа-порталы компанияның баспасөз қызметі таратқан мәлімдесіне сілтеме жасап хабарлайды. Компанияның баспасөз қызметінің айтуынша, Ленин атындағы шахтадағы апатты тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияның 3 қарашадағы баяндамасы АрселорМиттал Теміртауда осы маңызды шешімдерді қабылдауға негіз болған. «Владимир Иванович Яблонский мырза «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директорының міндетін атқарушы болып, Виктор Викторович Гафиулов мырза «АрселорМиттал Теміртау» АҚ тау-кен ісі департаменті бас директорының міндетін атқарушы болып олардың қызметіне дереу кірісуімен тағайындалды», — деп мәлімдеді баспасөз қызметі. Биджу Наир мен Джелсон Батиста АрселорМиттал вице-президенті және АрселорМиттал ТМД бас директоры Виджай Гоялдың кеңесшілері болып тағайындалды. «Бұл оларға ағымдағы жағдайға және 3 қарашада Ленин атындағы шахтада болған апаттың себептерін тергеуге толық назар аударуға мүмкіндік береді», — дейді компания. Айта кетейік, Яблонский кәсіби қызмет жолын 1989 жылы Қарағанды металлургиялық комбинатында (қазіргі АрселорМиттал Теміртау) бастаған. Оның металлургия саласында 33 жылдық тәжірибесі бар.
- Соңғы
- Маусым, 30
-
- Сәуір, 11
-
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
26 шілде 2026
26 шілде 2026