Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазіргі газ бағасын ұстап тұру тағы 6 айға ұзартылмақ

inform.kz

Қазіргі газ бағасын ұстап тұру тағы 6 айға ұзартылмақ

Құжат қабылданса жанар-жағармай стансаларындағы сұйытылған газдың бағасын реттеу тетігі 2023 жылдың 30 маусымына дейін ұзармақ. Қазір қолданылып жүрген 5 шілдедегі бұйрық бойынша, сйұытылған газдың шекті бағасы Астана үшін литріне 70 теңге, Алматы үшін 65 теңге және өңірлер үшін 50-ден 75 теңгеге дейін деп белгіленген. Өңірлердегі бағаға жеке тоқталсақ, солтүстіктегі шалғай аудандарда баға 75 теңгеден, батыстағы мұнай мен газға бай аудандарда 50 теңгеден бекітілген. 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін күшінде болған. Енді оны тағы 6 айға ұзарту ұсынылып отыр. Құжат 12 желтоқсанға дейін көпшілік талқылауында болады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024