Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Фермерлерге азық-түлік өндіруге 4 пайыздық несие беріледі

ktk.kz

Фермерлерге азық-түлік өндіруге 4 пайыздық несие беріледі

Оның айтуынша, азық-түлік бағасын әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы реттеу көзделіп отыр. Ол үшін фермерлерге 4 пайыздық, ұзақ мерзімді несиелер берілмек. «Ақпан айынан бастап жобаны іске асырамыз деп жоспарлап отырмыз. Қазір әр өңірден сұраныс жинап, үлкен жоспар дайындалып жатыр. Солтүстік Қазақстанның кейінгі екі жылдағы тәжірибесі өте тиімді болды. 2021 жылдан бастап республикалық бюджеттен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияға республикалық бюджеттен 4 пайыздан төмен мөлшерлемен ақша алып, сосын ұзақ мерзіммен, 4 пайызбен азық-түлік өнімдерін өндіруге ақша берілді. Қаражаттың арзандығы және ұзақ мерзімге берілуі сүтті тауарлы фермаларды, ет бағытындағы құс фабрикаларын қаржыландыруға мүмкіндік берді», - деді министр. Оның сөзінше, әр өңірдің азық-түлік өндірудегі әлеуеті зерттеліп жатыр. Облыстардан түскен сұраным негізінде қай өңірде қанда салаға 4 пайыздық несие берілетінін нақыталынп жатыр. «Негізі осыны көбейтіп, бұл тәжірибені Қазақстан бойынша әрбір өңірге таратамыз»,, - деді Ербол Қарашөкеев. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024