Банкроттыққа өтініш берерде отбасы мүшелерінің мүлкі тексеріледі

Өкілетті органдар банкроттыққа өтініш берген азаматтың отбасы мүшелерінің де жеке мүлкі мен табысын тексереді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Банкроттық процедура кезінде біз азаматтың мүлкі, отбасының мүлкі немесе қарызы, басқа да активтері бойынша барлық мағлұматты жинаймыз. Егер де банкроттық кезінде жалған ақпарат ұсынғаны немесе өз мүлкін отбасы мүшесіне аударғаны анықталса, әлгі азамат бұл процедурадан өтпейді. Сондықтан біз банкроттыққа әдейі өтініш беру процедурасын тоқтату үшін барлық ақпаратты жинаймыз», - деді Ержан Біржанов. "Мысалы, әйелінің автокөлігі бар делік, егер күйеуі банкроттыққа тапсырса, ортақ мүлікке не болады?" деген сұраққа: «Өте дұрыс айтасыз. Егер некелескеннен кейін ерлі-зайыптының ортақ мүлкі болса, бұл мүлік банкроттық процедурасы кезінде өтініш берушінің қосымша активі ретінде саналады, тексеріледі. Мысалы, автокөліктен басқа жекеменшік пәтері немесе үлесі болса, ол қарызын төлеуге мүмкіндігі бар азамат ретінде қарастырылады. Банкроттыққа өткізілмейді», - деп түсіндірді вице-министр. Банкроттыққа өтініш беру 3 наурызда басталады.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
13 мамыр 2025
13 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар