Антикор кәсіпкер құқығын қорғайтын жобаны іске асыра бастады
Жобаның мақсаты – кәсіпкерлерге құжаттарды ресімдеу кезінде әкімшілік кедергілерді, әуре-сарсаңды еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімі мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету. «Кәсіпкерлер жерді ресімдеу, сәулет және басқа да бақылаушы органдардан рұқсат алу, коммуникацияларды қосу, сондай-ақ түрлі мемлекеттік қолдау шараларын (кредиттер, гранттар, субсидиялар) алу кезінде кездесетін нақты проблемаларды шешумен айналысатын боламыз», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарламасында. Мәлім етілгендей, қазір өңірлерде бизнестен өтініш қабылдау үшін арнайы алаңдар мен байланыс арналы жұмыс істеп жатыр. Аумақтық департаменттердің басшылары Facebook парақшаларында хабарламалар қабылдауда. Сондай-ақ Антикордың Call-орталығына 1424 нөмірі бойынша хабарласуға болады. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Маусым, 30
-
- Сәуір, 11
-
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
21 қыркүйек 2026
21 қыркүйек 2026