Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

АҚШ қазақстандық банкке салынған санкцияны алып тастамақ

ktk.kz

АҚШ қазақстандық банкке салынған санкцияны алып тастамақ

Бұл ақпаратты банктің өкілі Нұргүл Салықжанова растады. «Иә, бұл ақпарат рас. АҚШ-тың Қаржы министрлігі бұған дейін «Bereke bank» салынған санкцияны осы жылдың наурыз айында алып тастайды», - деді Нұргүл Салықжанова. Еске салсақ, өткен жылы қыркүйекте «Бәйтерек» холдингі ресейлік «Сбербанк Қазақстанды» сатып алған еді. Кейін Қазақстан «Сбербанк Қазақстанға» ребрендинг жүргізіп, «Bereke bank» деп өзгертті. Сонымен қатар «Bereke Bank»-тің шығынын Қазақстан мемлекеті өтемейді. «Мемлекет банктің ешқандай шығынын өтемейді. Банк сатылғанға дейін келген шығындардың бізге қатысы жоқ. Бұл – банктің бұған дейінгі акционері өзіне қабылдап алған шығындар. Яғни, 1 қыркүйекке дейін болған дүниенің бәрінің бізге тікелей қатысы жоқ. Бүкіл шығындар бізге емес, бұған дейінгі акционерінің мойнында қалды», - деді «Бәйтерек» басшысы Қанат Шарлапаев. Дереккөз: ҚазАқпарат Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024