Ресейлік миллионерлер банктерден ақшасын шығарып жатыр

Есепшоттарында миллион доллардан астам қаржысы бар ресейлік байлар банктерден ақшасын шығарып жатыр. Frank RG сарапшыларының мәліметінше, 2022 жылы олардың банктегі салымы 20 процентке азайған.Ақпаратқа қарағанда, олар Ресейге санкция салмаған елдерден жылжымайтын мүлік сатып алып жатыр. Мысалы, Біріккен Араб Әмірлігінен (БАӘ) ресейліктердің сатып алған активтері 800 млрд рубльге жеткен.Frank RG мәліметінше, БАӘ, Түркия және Кипрден элиталы үйлерден пәтерлер сатып алған. 2022 жылы аталған елдерден жылжымайтын мүлік сатып алуға бір триллион рубль жұмсаған. Бұдан бөлек салымшылар ақшасын шетел банктеріне және алтынға салып жатыр.Ресейліктер сонымен бірге Қазақстан, Армения, Түркия және Қытай елдеріне де ақша шығарған.Ресейдің орталық банкінің мәліметінше, 2022 жылы резидент емес банктерге ақша аударым үш есеге – 30 млрд доллардан 79,5 млрд долларға өскен.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
11 мамыр 2025
11 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар