Қазақстан мұнайы Түркияның Жейхан портынан Румынияға жөнелтіле бастады
Қазақстан мұнайы Түркияның Жейхан портынан "ҚазМұнайГаз" компаниясының Румыниядағы "PETROMIDIA" мұнай өңдеу зауытына жіберіле астады. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" сайты хабарлады."ҚазМұнайГаздың" баспасөз релизі бұл оқиғаны "отандық мұнай-газ саласындағы елеулі оқиға" деп көрсеткен.- Әзербайжанның SOCAR компаниясымен жасалған келісімнің орындалып жатқаны қуантады. Бұл өзара ынтымақтастығымызды одан әрі дамытудың әлеуеті зор екендігін растап отыр", - деді жөнелтуді бастау рәсімі кезінде Мағзұм Мырзағалиев.Компания хабарына қарағанда, Жейхан терминалынан көлемі 80 мың тонна мұнайдың алғашқы партиясын "Қазақтеңізкөлікфлоты" (ҚМГ-нің еншілес кәсіпорыны) тиесілі "ALATAU" танкері тасымалдайды. Ол мұнай Румынияның Констанца портына жөнелтіліп, "Petromidia" мұнай өңдеу зауытына жеткізіледі.Былтырғы жылдың соңында Ақтау – Баку – Жейхан бағыты бойынша жыл сайын 1,5 млн тонна көлемінде мұнай жөнелту туралы бес жылдық келісімге "ҚазМұнайГаз" бен Әзербайжанның SOCAR компаниясы қол қойған. Биыл наурыз айында Қазақстан мұнайы Ақтау – Баку бағыты бойынша жөнелтіле бастаған. Тасымалға Қазақстан мен Әзербайжан флоттары паритет негізде жұмылдырылған. 20 сәуірдегі жағдай бойынша Ақтау портынан 86 мың тонна мұнай жөнелтілген.2022 жылдың соңында Қазақстан Каспий мен Жерорта теңізін жалғайтын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры арқылы 2023 жылдың басынан бастап 1,5 миллиона тонна мұнай тасымалдайтыны хабарланған.Ресей "дос емес" елдерге мұнай экспорттауға тыйым салған соң Қазақстанның Германияға мұнай экспортайтыны алуан түрлі ақпарат тараған.Энергетика министрлігінің ақпаратына қарағанда, Қазақстан 2023 жылы Германияға 1,5 миллион тонна мұнай экспорттап, онысын 6 миллионға дейін жеткізуді көздеп отыр. Бастапқыда қаңтардан бастап тасымалдайтын болған, әзірге ай сайын келінге қалдырып келеді.Bloomberg басылымы Қазақстан бұл бағытқа жеткілікті мұнай таба алмағанын хабарлаған.Қазақстан үкімеінің былтырғы жыл соңындағы ақпаратына қарағанда, ресупблика 2023 жылы 90,5 миллион тонна мұнай өндіріпі, оның 71 миллионын экспортауды жоспарлап отыр.2022 жылы Ресей соты Новороссийскідегі КТК терминалын 30 күнге тоқтатқан соң Қазақстан билігі мұнай тасымалын диверсификациялайтынын жариялаған.
- Соңғы
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 17
-
- Желтоқсан, 02
-
-
- Қараша, 27
-
- Қараша, 25
-
- Қараша, 17
-
- Қараша, 13
-
- Қараша, 05
-
- Қараша, 04
-
- Қараша, 03
-
- Қазан, 30
-
- Қазан, 21
-
- Қазан, 17
-
-
- Қазан, 14
-
- Қазан, 13
-
- Қазан, 10
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
12 ақпан 2026
12 ақпан 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар