Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Семей өңірінде 17 мың гектарға егін салынады

inform.kz

 Семей өңірінде 17 мың гектарға егін салынады

Биыл Семей өңірінде 17 350 гектарға егін егу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Семей қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Семей өңірі бойынша ағымдағы жылы жалпы егіс алаңы 17 350 гектарды құрайды, оған 51 шаруашылық субъектісі қатысады. 367 гектарға дәнді дақыл, 3 779,5 гектарға картоп, 1 520,2 гектарға көкөніс және бақша дақылдары, 5 743 гектарға майлы дақылдар отырғызылады. «Өңірдегі ауыл шаруашылығы құрылымдарында көктемгі егіс жұмысын жүргізуге техника саны жеткілікті. Тракторлардың жалпы саны - 686, 624 дөңгелекті техника, 62 шынжыр табанды, 71 соқа, 56 қопсытқыш, 36 сепкіш пен 239 жүк машинасы жұмылдырылады. Тұқым мен минералды тыңайтқыш дайын» дейді Семей қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Шақабаев.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 ақпан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар