Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Ұмай" ипотекасына өтініштер 10 мамырдан бастап қабылданады....

turkistan.today

Ұмай ипотекасына өтініштер 10 мамырдан бастап қабылданады....

Биыл бағдарламаға табысы 200 мың теңгеден аспайтын әйелдер де қатыса алады, деп хабарлайды Turkistan Today.Отбасы банкі "Ұмай" ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтініштерді 10 мамырдан бастап қабылдайды. Биыл оны жүзеге асыруға 15,6 млрд теңге жұмсалатын болса, Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларына заемның жалпы көлемінің 40 пайызынан аспайтын бөлігін немесе 200-ге жуық несие бөлу жоспарланып отыр. Несиенің қалған 60 пайызы облыстар мен шағын қалалардың тұрғындарына беріледі. Бағдарлама бойынша берілетін заемның ең жоғарғы құны 30 млн теңгеге дейін. Пайыздық мөлшерлеме биыл 14,4% (ЖТСМ – 15,4% бастап) тең, кейін ол 3,5%-5%-ға дейін (ЖТСМ – 3,6% бастап)төмендетіледі.Отбасы банкінің түсіндіруінше, "Ұмай" бағдарламасы бойынша қарыз алу мерзімі – 6 айдан 25 жылға дейін. Бұл ретте тұрғын үй таңдауда шектеулер жоқ, оны алғашқы және екінші нарықтан, соның ішінде үлестік қатысу шарттары бойынша сатып алуға болады.Сондай-ақ, "Ұмай" бойынша баспананы жөндеу жұмыстарына да 3,7 млн теңгеге дейінгі мөлшерде қарыз алуға болады.Әлеуетті қарыз алушының ай сайынғы отбасылық табысы 550 мың теңгеден аспаса, ол 15 пайыздық бастапқы жарнамен несие ала алады. Ал отбасының ортақ кірісі айына 550 001 теңгеден 640 мың теңгеге дейінгі аралықта болса, онда тұрғын үйді 20 пайыздық алғашқы жарнамен алуға болады."Ұмай" бағдарламасы екінші немесе үшінші тұрғын үй сатып алуды көздеп отырған, кірісі жоғары әйелдерге арналған. Биылғы жылы біз АДБ-мен бірлесіп, "Ұмай" бағдарламасына табысы 200 мың теңгеден аспайтын әйелдер де қатыса алатын болады деп шештік. Егер олар төлем қабілеттілігін растаса, ең төменгі 15 пайыз бастапқы жарнамен несие алады. Біз оларға бөлінген қаражат аясында жалпы несиелендірудің 20 пайызына жуығын бөлуді жоспарлап отырмыз", – деп түсіндірді "Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024