Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Көлік прокурорлары теміржол билеттерінің құнын төмендетуді көздеп отыр

inform.kz

 Көлік прокурорлары теміржол билеттерінің құнын төмендетуді көздеп отыр

Қазақстанның Бас көлік прокуратурасы теміржол билеттерінің құнын төмендетуді көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Бас көлік прокуратурасы жоспарлы талдау шеңберінде көлік саласындағы уәкілетті органның «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» бұйрығын (бұдан әрі - Әдістеме) зерделеді. Әдістемеге динамикалық баға белгілеу принципі бойынша жол жүру құнын анықтау формуласы заңсыз енгізілгені анықталды, бұл іс жүзінде жол жүру құжат бағасының қымбаттауына мүмкіндік берген. Осы нормативтік актіге биылғы 21 ақпанда Бас көлік прокуратурасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне наразылық келтірді, ол толық көлемде қанағаттандырылды»,-делінген хабарламада. Сонымен қатар онда бүгінгі таңда теміржол билеттерін сату кезінде динамикалық баға белгілеуді қолдану тоқтатылды, осы норманы алып тастау туралы бұйрықтың жобасы уәкілетті органдармен келісілу сатысында екені айтылған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024