Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

102 млрд теңгеден астам табыс тапты

almaty-akshamy.kz

102 млрд теңгеден астам табыс тапты

Мәдениет және спорт министрлігі мәліметінше, көрсетілген қызмет көлемі 2021 жылмен салыстырғанда екі есеге жуық өскен.

Сондай-ақ курортты аймақтардағы төсек-орын саны 102 мыңнан 106 мыңға дейін артты.

Пандемияға дейінгі деңгеймен салыстырғанда, Қазақстанның курортты аймақтарында туристер саны үш есе, ал көрсетілген қызметтер көлемі 6 есе өсті.

Бұл ретте саяхатшылар көбіне Алматы тау кластерінде, Бурабайда, Маңғыстау курортты аймағында және Алакөл көлінің жағалауында тоқтайтынын айта кеткен жөн.

«Қазіргі уақытта ең танымал бағыттар бойынша туристік инфрақұрылымды дамытуда белсенді жұмыс жүргізіліп отыр. Біздің мақсатымыз – бірнеше жыл ішінде ішкі туристердің жалпы санын 11 млн адамға дейін, ал кіретін туристерді – 4 млн адамға дейін ұлғайту үшін курорттар мен демалыс аймақтарының қолжетімділігін, сондай-ақ сыйымдылығын арттыру, атап айтқанда, қазір жаңа нысандар салынып жатыр, ал туризм саласындағы кәсіпкерлер субсидия алып келеді», - деп атап өтті ҚР МСМ туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024