Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

NYT: Санкцияға қарамастан, Ресейге миллиондаған доллардың авиабөлшектері жеткізілген

azattyq.org

NYT: Санкцияға қарамастан, Ресейге миллиондаған доллардың авиабөлшектері жеткізілген

Санкцияға қарамастан, былтыр Ресейге Батыстың ондаған миллион доллар тұратын әуебөлшектері жеткізілген. Бұл ақпаратты The New York Times газеті Ресей кеденінің мәліметтеріне сүйене отырып хабарлады.Бұл мәліметтерге қарағанда, Ресейдің санкция салынған "Аэрофлот", "Россия", "Победа", "Урал", UTair және S7 Airlines әуекомпаниялары ұшақ бөлшектерін алған. Ұшақ бөлшектерінің басым бөлігі Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Қытай және Мальдив аралдары арқылы Ресейге жеткізілген.Мұндай схеманы Ресейдің АҚШ-та тұратын азаматы Олег Пацуля мен оның іскер серіктестері ұйымдастырған болуы мүмкін. NYT-тің жазуына қарағанда, оларды өткен аптада "АҚШ-тың экспорт бақылауын бұзды және ақша жылыстатты" деген айыппен қамауға алған. Тергеудің мәліметіне қарағанда, олар АҚШ 2022 жылы енгізген шектеулерді айналып өтетін схеманы жүзеге асыра бастаған. Ол үшін Флоридада, Түркия мен Ресейде орналасқан компанияларды пайдаланған.Кеден мәліметтеріне сүйене отырып, журналистер қарапайым бұрандадан Honeywell қозғалтқышының стартерлеріне дейінгі 5 мыңға жуық әуебөлшек жіберілгенін жазған.Бұған дейін дүйсенбіде "Проект" басылымы санкция салынғаннан кейін Ресей әуекомпаниялары әуебөлшек тапшылығын сезіне бастағаны, соған байланысты кей кездері техникалық регламент сақтамайтыны және қажеттіліктерін сирек тіркеуге көшкені туралы жазған.Украинаға жаппай басып кірген соң, Ресей әуе компанияларына санкция салынып, әуе техникаларын беру шектелген және санкция салған елдердің әуе кеңістігімен ұшуға тыйым салынған. Сақтандыру сертификаттарын қайтарып алып, Ресей әуе компанияларына лизингіге берілген ұшақтарды қайтаруды талап еткен, бірақ Ресей бұл талапты орындамаған. Қазір Ресей ұшақтары көптеген елге бара алмайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024