Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы қаласының қаржы нарығындағы жағдайы қалай?

almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының қаржы нарығындағы жағдайы қалай?

2023 жылғы 1 сәуірде Алматы қаласы бойынша статистика департаментінің ресми деректері бойынша инфляция 3,0 % деңгейінде қалыптасты (2022 жылғы 1 сәуірде – 5,5 %). Инфляция құрылымында азық – түлік тауарларына бағалар – 3,9 %, азық-түлік емес тауарларға – 2,5 %, ақылы қызметтерге – 2,5 % өсті.

Алматы қ. бойынша тұтыну бағаларының индексі

(сәуір өткен жылдың сәуірына пайызбен)

2023 жылғы 1 сәуірдағы жағдай бойынша қаланың қолма - қол шетел валютасы нарығында 445 айырбастау пункті жұмыс істеді, оның ішінде: банктердің айырбастау пункттері - 276, қолма - қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы бар уәкілетті ұйымдар - 156, "Қазпошта" АҚ - 13.

2022 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда айырбастау пункттерінің саны 443-тен 445-ке дейін 0,5% - ға өсті, оның ішінде уәкілетті ұйымдары айырбастау пункттерінің саны 138-ден 156-ға дейін 5,2% - ға ұлғайды, бұл ретте банктер айырбастау пункттерінің саны 291-ден 276-ге дейін 5,2% - ға "Қазпошта" АҚ айырбастау пункттерінің саны 14-тен 13-ке дейін 7,1% - ға қысқарды.

2023 жылғы 1 тоқсандағы теңгенің АҚШ долларына нарықтық бағамы 453,35 – 465,65 теңге, еуро 484,36 – 499,03 теңге, ресей рублі 6,01 – 6,66 теңге аралығында болды.

2023 жылғы 1 тоқсандағы айырбастау операцияларының көлемі валютаны мынадай сатып алу мен сатуды көрсетті:

АҚШ доллары – 107,4 % және 91,7 % құрады және 544,7 млн. долларды және тиісінше 812,7 млн. долларды құрады;

ресей рублі - 2,3 есеге және 64,3 % өсті және 4 710,8 млн. рубль және тиісінше 2 979,8 млн. рубльді құрады;

еуро – 80,7 % және 107,4 % және 40,7 млн.еуро және тиісінше 95,7 млн. еуроны құрады.

2023 жылғы 1 сәуірдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторын 21 екінші деңгейдегі банк құрады, оның 19-ы Алматы қаласында.

Резиденттердің екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерінің көлемі 2023 жылғы 1 тоқсандағы аяғында 2022 жылмен салыстырғанда 25,1 %-ға ұлғайды, 8 293,7 млрд.теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 18,5 %-ға 2 101,1 млрд.теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері 27,5 %-ға 6 192,6 млрд. теңгеге дейін өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 46,3 %-ға ұлғайды, шетел валютасында – өзгеріссіз қалды. Шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы 45,9 %-дан 36,7 %-ға азайды.

Депозиттердің жалпы көлеміндегі жеке тұлғалар үлесі 74,7% құрап отыр. Олардың ішінде ұлттық валютадағы депозиттер үлесі 2022 жылғы 1-тоқсандағы 49,7% қарсы 60,9% құрап отыр.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 26,2 %-ға 1 477,7 млрд. теңгеге дейін өсті, шетел валютадағы 3,5 %-ға 623,5 млрд. теңгеге дейін төмендеді (заңды тұлғалар депозиттерінің жалпы көлемінің 29,7 %).

Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 56,1 %-ға 3 769,5 млрд.теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасында 0,8 %-ға 2 423,1 млрд. теңгеге дейін төмендеді (жеке тұлғалар депозиттерінің жалпы көлемінің 39,1 %).

Банктердің Алматы қ. экономикасын кредиттеу көлемі 2023 жылғы 1 тоқсандағы аяғында 10 063,2 млрд. теңгені құрады, ол алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 15,7 %-ға көбірек.

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 19,7 %-ға 8 735,8 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 5,0 %-ға 1 327,4 млрд. теңгеге дейін төмендеді.

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі 16,6 %-ға 7 758,2 млрд. теңгеге дейін өсті, қысқа мерзімді кредиттер 12,8 %-ға 2 305,0 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 7,9 %-ға 2 359,3 млрд.теңгеге дейін төмендеді (экономикаға кредиттердің жалпы көлемінің 23,4%).

1 жылға дейінгі мерзіммен теңгемен берілген кредиттер бойынша мөлшерлемелер 18,5 %-дан 18,8 %-ға дейін, 1 жылдан астам мерзіммен 18,2 %-дан 19,6 %-ға дейін ұлғайғанын көрсетті.

Кредит берудің салалық құрылымы кезең ішінде сауда мен өнеркәсіптегі басым бағыттарды сақтап қалды: қысқа мерзімді кредиттер бойынша 33,4 % және ұзақ мерзімді кредиттер бойынша 10,8 %, тиісінше 3,1 %.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024