Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Гүлнара Каримованың 303 млн доллары Өзбекстанға емес, офшор компанияға қайтарылуы мүмкін

azattyq.org

Гүлнара Каримованың 303 млн доллары Өзбекстанға емес, офшор компанияға қайтарылуы мүмкін

Өзбекстанның бірінші президентінің қызы Гүлнара Каримованың Швейцариядағы банк шотында бұғатталып тұрған 303 млн доллары Өзбекстанға емес, Гибралтарда тіркелген "Такилант" офшор компаниясына аударылуы мүмкін. Бұл жөнінде Азаттықтың Өзбек қызметі жазды.Былтыр шілдеде Швейцарияның қылмыстық істер бойынша федерациялық соты Каримованың адвокаттары берген апелляциялық арызды қанағаттандырған. Онда Швейцария прокурорлары қамауға алынған қаражаттың жемқорлықпен табылғанын растаған құжаттарды көрсете алмағаны, пара ретінде көрсетілген қаражатты алған кезде Гүлнара Каримова ешқандай мемлекеттік қызметте істемегені жазылған.Сот шешімінде Каримова ол кезде кәсіпкерлікпен айналысқаны және оның активтері телекоммуникациялық бизнестен түскен заңды кіріс ретінде көрсетілуі керек екені белгіленген.Бұл істі бақылап отырған белсенділердің айтуынша, прокурорлар әлі күнге дейін сот шешіміне қарсы арызданған емес.Өзбекстанда 51 жастағы Гүлнара Каримова 12 жыл бойы өлкедегі жүздеген миллион активтерге иелік еткен ұйымдасқан қылмыстық топты бақылады және 2 млн доллар қаржыны жасырды деп айыпталған.Өзбекстанның бас прокуртурасының мәліметінше, Каримованың шетелдегі қаражаты 1 млрд доллардан астам деп бағаланады. Оның Швейцарияның жеті банкінде 30 есепшоты және сегіз сейфі бар.Былтыр Өзбекстан билігі Каримованың шетелдегі "қылмыстық жолмен тапқан" 1,3 млрд долларлық активін қайтару бойынша АҚШ, Швейцария, Франция, Ресей және Латвия елдерімен келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеген. Онда кәмпескеленген соманы қайтару үшін БҰҰ-ның көптарапты сенім қоры құрылатыны айтылған.2020 жылғы наурызда Ташкент қалалық соты Гүлнара Каримованы 13 жыл 4 айға соттаған. Ол "мемлекет қаржысын талан-таражға салу", "Өзбекстан мүддесіне қайшы келетін келісімшарт құру" және "өзгенің ірі сомаға бағаланған мүлкін иелену" баптары бойынша кінәлі деп танылған. Каримова 2019 жылдың жазынан бері Ташкент облысы Зангиата ауданындағы №21 әйелдер түрмесінде жазасын өтеп жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024