Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақша аудару елімізде азаюда

turkistan.today

Ақша аудару елімізде азаюда

Биыл бірінші тоқсанда ҚР аумағында ақша аудару жүйелері (ААЖ) арқылы жіберілген қаражат көлемі 15 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,9% аз. Бір жыл бұрын көрсеткім бірден үштен бірге өскен, деп хабарлайды Turkistan Today.Ел ішінде ААЖ арқылы жасалған транзакциялар саны бірден 3,5 есе, яғни 45,1 мыңға дейін қысқарды. Бір жыл бұрын транзакциялар саны азайғанымен, бар болғаны 3% ғана кеміген.Осының барлығы ел ішіндегі бір аударымның орташа түбіртегін 2022 жылғы қаңтар-наурыздағы 123,6 мың теңгеден 2023 жылғы қаңтар–наурызда 331,9 мың теңгеге дейін ұлғайтты.Қазақстандықтарды алдағы уақытта мобильді банк аударымдарына салық салу мәселесі алаңдатады. Ал ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жұртты жұбатады: «Ешқандай тексеру болмайды, дүрлігу болмайды және халық пен бизнеске қысым болмайды. Сіздерге кепілдік беремін», — дейді, деп хабарлайды inbusiness.kz.Қазақстандағы ақша аудару жүйелерінің ішінде көлемі бойынша көшбасшы «Золотая Корона» ғана өсті: 2023 жылғы қаңтар–наурызда 5,2% көбейіп, 3,3 млрд теңгеге жетті. ҚР-дағы «Золотая Корона» үлесі бір жылда 16%-дан 22,1%-ға дейін өсті.Одан кейінгі орында Western Union ҚР аумағында 59,9 млн теңге аударым жасады, бұл 2022 жылдың қаңтар–наурызымен салыстырғанда 4,7 есе аз.«Юнистрим» және Contact үлесіне небәрі 8 млн және 7,4 млн теңге тиесілі, 2022 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда осы жүйелер арқылы жасалған аударым тиісінше 5,2 және 5,6 есе азайды.2023 жылғы қаңтар–наурызда басқа ақша аудару жүйелері арқылы 11,6 млрд теңге аударылды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 28,3% аз.«Золотая Корона» транзакциялар саны бойынша да көш бастады: 2023 жылдың қаңтар–наурызында 3 мың аударым жасалды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2% аз. Салыстыру үшін: ҚР аумағында Western Union арқылы ақша аудару операцияларының саны бірден 67,5 есе, 40 транзакцияға дейін, «Юнистрим» арқылы — 2,1 есе, 140 транзакцияға дейін қысқарды. Басқа жүйелер арқылы 41,9 мың транзакция жасалды, бұл былтырғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда бірден 3,6 есе аз.Ақша аудару жүйелерінің ішінде ҚР аумағында бір аударым бойынша ең үлкен орташа түбіртек Contact ААЖ-де болды: 1,9 млн теңге. Western Union орташа түбіртегі: 1,5 млн теңге — 2022 жылдың қаңтар–наурызымен салыстырғанда 14,4 есе көп.«Золотая Коронада» бір аударымның орташа түбіртегі 1,1 млн теңге, бір жыл ішінде 12,2% өскен. «Юнистрим» жүйесіндегі орташа түбіртек бар болғаны 57,1 мың теңге, бұл 2022 жылдың қаңтар–наурызымен салыстырғанда 2,4 есе аз.Басқа ақша аудару жүйелері арқылы бір аударым бойынша орташа түбіртек бір жылда 105,7 мың теңгеден 275,9 мың теңгеге дейін өсті.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024