Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шолпан-ата саммиті: Әлемдегі ең үлкен ойыншылар және аймақтың тегеурінді, теңгерімді бағыты

almaty-akshamy.kz

Шолпан-ата саммиті: Әлемдегі ең үлкен ойыншылар және аймақтың  тегеурінді, теңгерімді бағыты

Орталық Азия елдерінің басшылары мен Еуроодақ Кеңесінің төрағасы кеше, 2 маусымда Қырғызстанның Шолпан- Ата қаласында ашылған екінші «Орталық Азия – Еуропалық одақ» саммитінде бас қосып, өзара ынтымақтастық бағдарларын талқылады. Сондай-ақ, әлемдегі қызып тұрған тақырыптар төңірегінде әңгіме өрбітті. Байқасаңыздар, әлемдегі ең үлкен ойыншылардың бізді қамтыған аймақпен мүдделік қарым-қатынастары артты. Бұған дейін АҚШ пен Қытай да аймақ елдерімен 5+1 форматында бас қосқан болатын. Яғни жыл басынан бері бұл тұрғыдағы іс-қимылдар тіпті де жиілей түсті. Міне, «Орталық Азия – Еуропалық одақ» саммитінің маңызы да осында. Стратегиялық бәсекелестіктің қарқынды ағыны мемлекетіміз бен қоғамға түрлі сұрақтардың жауабын табуға міндеттейді. Әсіресе, қоғам тарапынан күрделі жағдайда жасалып жатқан мемлекеттік қадамдарды дұрыс түсініп, әділ бағалау аса маңызды. Бұл ретте саяси салмағы үлкен осынау алқалы жиынға қатысты біздің сауалдарымызға орай сарапшыларымыз не дейді? Әлкей МАРҒҰЛАНҰЛЫ, халықаралық қатынастар бойынша сарапшы: КӨПВЕКТОРЛЫ САЯСАТ – ӨМІР ТАЛАБЫ Жұмабек САРАБЕКОВ, Әлемдік саясат және экономика институтының сарапшысы: ӘРІПТЕСТІКТІҢ ҮШ БАҒЫТЫ Қауіп тұрғысынан, турасын айтқанда, Орталық Азия әлемге соншалықты өте маңызды саналмайды, біздің географиялық орналасуымыз, аймақтағы демографиялық көрсеткіштер салыстырмалы төмен. Қазіргі әлемнің басты назарында Азия – Тынық мұхит аймағы тұр, бүкіләлемдік экономика сол жақта. Қазіргі геосаяси маңызымыздың артуын уақытша деуге болады. Украинадағы қақтығыстың аясында бізге деген қызығушылық өсуде. Ол қандай қауіп туғызады десек, геосаяси конкуренция күшейген сайын, әрбір ойыншы өзінің мүддесіне зиян тиетін жағдайда қарсы қимылдар қабылдауы мүмкін. Мысалы, аймақтағы кей өзгерістерге Ресей мен Қытай дұрыс қарамауы мүмкін дегендей. Бұл енді аймақ үлкен бір қақтығыс нүктесіне айналып кетеді деген сөз емес. Аймақ елдері АҚШ, Еуропамен ынтымақтастықта көбінше экономикалық әріптестікке басымдық береді, бір тараппен келесі бір тарапқа бағытталған әскери базалар ашу деген секілді қарсылық әрекетіне барып жатқан жоқ. Яғни біздің де ұлттық мүддеміз бар, позициямыз түсінікті, Ресейге де, Қытайға да «Біз сендермен де жұмыс жасаймыз, бірақ басқа да әріптестеріміз бар» деген бағдар. Ресейлік сарапшылар арасында АҚШ Еуропамен жақындасып кетсе, «аймақта түрлі-түсті революциялар болады» деген көзқарастар жиі айтылады. Біздің тұжырымдауымызша, міндетті түрде олай болуы керек емес, инвестиция, экономика бойынша басқа әріпбестерімізбен де қарым-қатынасты сақтап қаламыз. Аймақ соңғы 30 жыл ішінде осылай жұмыс жасап келеді. Өзге ойыншылардың аймақтағы іс-қимылдарының артуы Ресейдің ықпалын әлсірете ала ма дегенге келсек, бұл мәселеге көп факторлар арқылы қарау керек дер едім. Ең алдымен, Ресей экономикасы алдағы уақытта қалай дамиды? Соғыс басталған кезде көптеген Батыс сарапшылары Ресейде үлкен дағдарыс болатынын болжаған еді. Бірақ бір жыл өткеннен кейін байқағанымыз, Ресей қатты бір ауыр дағдарысқа ұшырай қоймады. Десе де, алдағы уақытта қарқынды экономикалық өсім көрсетуі және екіталай. Демек, нәтиже елдің экономикасы, әскери қуаты қандай болады, миграциялық ағым қалай өзгереді деген түрлі факторларға қатысты болмақ. Егер Ресей Украинадағы соғыстан жеңілетін болса, бұл оның аймақтағы ғана емес, әлемдегі позицияларын әлсіретуге алып келеді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024