Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев Германияға Ресей мұнайын Қазақстан шикізатымен алмастыруды ұсынды

azattyq.org

Тоқаев Германияға Ресей мұнайын Қазақстан шикізатымен алмастыруды ұсынды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға тасымалдайтын мұнай көлемін жылына 200 мыңнан 1,2 млн тоннаға дейін арттыруды ұсынды. Ол осылайша Еуроодақтың эмбаргосына ұшыраған Ресей мұнайын алмастыруды ұсынған. Бұл жөнінде Тоқаев 2 маусымда Қырғызстанда басталған "Орталық Азия – Еуропа одағы" саммитінде айтты.2023 жылдың алғашқы бес айында Қазақстан Германияның Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына (соғысқа дейін "Роснефтіге" тиесілі болған) 90 мың тонна мұнай жіберген. Осы қарқынмен Қазақстан Германияға жыл соңына дейін 200 мың тонна мұнай жөнелтеді. Алайда Тоқаевтың сөзінше, Қазақстан тасымалдау көлемін кемінде 6 есе арттыра алады."Бұл көрсеткішті жылына 1,2 млн тоннаға дейін арттыратын әлеует бар. Болашақта оны да ұлғайтуға мүмкіндік бар" деді Тоқаев.Қазақстан 2023 жылы Еуроодаққа тасымалдайтын мұнай көлемін арттырған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, алғашқы тоқсанда Қазақстан ЕО-ға мұнайының 71 пайызын тасымалдаған, былтыр осы кезеңде бұл көрсеткіш 65 пайыз болған.Германиядан бөлек, Қазақстан мұнайын Италия да алып жатыр. Соғысқа дейін оны ресейлік "Лукойл" шикізатпен қамтамасыз еткен. Италияға тасымалданған қазақстандық мұнай көлемі алғашқы тоқсанда жалпы көлемнің 38 пайызын құраған. Былтыр бұл көрсеткіш 28 пайыз болған. Францияға тасымалданған Қазақстан мұнайы 5-тен 7-ге, Румынияға жеткізілген қазақстандық мұнай көлемі 4 пайыздан 7 пайызға дейін ұлғайған.2023 жылы қаңтарда ресейлік "Ведомости" газеті 2022 жылы Германия Ресейдің миллион тонна мұнайын алды деп жазған. Егер Қазақстан тасымалданатын мұнай көлемін арттырса, онда ол Ресей мұнайын толық алмастыруы ықтимал.Алайда Қазақстан мұнайы Германияға ресейлік "Достық" құбыры арқылы жетеді. Қазақстан мұнай көлемін арттырғысы келсе, оған Ресей энергетика министрлігінің рұқсаты керек. Әзірге рұқсат ауызша ғана алынған.Еуроодақ елдері Украинаға басып кіргені үшін Ресей мұнайы мен газына былтыр желтоқсанда баға шегін (барреліне 60 доллар) белгілеген. Ресей "Ямал – Еуропа" және "Солтүстік ағын – 1" жобаларының тоқтауына байланысты Еуропа нарығының бір бөлігінен айырылған.Ресейдің мұнай-газдан түсетін бюджеті 2023 жылы қаңтар-сәуірде жылдық көрсеткішпен алғанда 52 пайызға азайған. Бюджет тапшылығы наурыз-сәуір айында 2,4 трлн рубльден 3,4 трлн рубльге көбейген.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024