Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресей Қырғызстанның сүт және балық өнімдеріне шектеуді алып тастады

azattyq.org

Ресей Қырғызстанның сүт және балық өнімдеріне шектеуді алып тастады

Ресейдің ауыл шаруашылығы өнімдерін бақылау мекемесі (Россельхознадзор) Қырғызстаннан келетін сүт және балық өнімдеріне шектеуді алып тастады.Қырғызстан ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Ресей жағы "зертханалық бақылауды күшейтуге" жатқызған өнімдерге шектеуді алып тастаған. Атап айтқанда, "Нурагрорыбпром" және "Дары природы" компаниясының балық өнімдері мен "Ак-Булак Плюс", "Ак-Жалга", "Жайыл Милк" және "Ала-Тоо Сут" компаниясының сүт өнімдері Ресейге қайта экспортталатын болады. Бұдан бөлек "А2" жаңа кәсіпорнына да тауарларын Ресейге жөнелтуге рұқсат берілген.Биыл сәуір айының соңында Россельхознадзор Қырғызстанның сүт өнімдерін импорттауға шектеу қойған. Ақпан айында балық өнімдерін қабылдаудан бас тартқан.Кей сарапшылар оқиғаны Қырғызстан билігінің қырғыз әліпбиін латынға көшіру туралы мәлімдемесімен байланыстырған.Қырғызстан Еуразия экономика одағына 2015 жылы қосылған. Бастапқыда ЕАЭО-ға мүше елдердің тауар өнімдері еркін тасымалданатыны айтылған. Алайда сарапшылар бұл мақсат әлі күнге дейін жүзеге аспай отырғанын айтады. ЕАЭО-ға Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Армения мүше.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 мамыр 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар