Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Германия Қазақстанға $6 млрд инвестиция салды, елде 1 мың неміс компаниясы жұмыс істейді

zhambylnews.kz

Германия Қазақстанға $6 млрд инвестиция салды, елде 1 мың неміс компаниясы жұмыс істейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен бірге Қазақстан – Германия бизнес форумына қатысты, деп хабарлайды  Ақорданың ресми сайты. Президент форумда сөйлеген сөзінде өзінің мемлекеттік сапары аясында жетекші неміс компанияларының басшыларын ала келген Франк-Вальтер Штайнмайерге алғыс айтып, Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы ең басты экономикалық серіктесі екенін атап өтті. – Бүгінде Германия компаниялары біздің экономикамызға шамамен 6 миллиард доллар инвестиция құйды. Бұл инвестицияның шамамен 90 пайызы шикізаттық емес секторға тиесілі екенін айта кеткен жөн. Елімізде неміс капиталының үлесі бар 1000-нан астам компания белсенді жұмыс істеп жатыр. Олардың көпшілігі – әлемге әйгілі брендтер, ал басқалары – орта деңгейдегі отбасылық бизнес. Неміс компанияларының барлығын Қазақстанға шақырамыз. Батылдылыққа, нақтылыққа және жауапкершілікке негізделген неміс бизнесінің тәсілін бағалаймыз. Бұл қасиеттер бизнестегі табыс үшін өте маңызды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 ақпан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар