Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Еуропалық Одақ қазақстандық шикізатқа зәру

almaty-akshamy.kz

Еуропалық Одақ қазақстандық шикізатқа зәру

Брюссельдегі «Euractiv» медиа-агенттігінің алаңында Еуропарламент депутаттары мен сарапшылар осы мәселені талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жасыл энергияны дамыту үшін Еуропа елдері сирек кездесетін 34 металға зәру. Оның 18-ін біздің ел өндіріп, өңдеп отыр. Осы саладағы ынтымақтастық Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы алыс-берісті арттырады-дейді сарапшылар. Былтыр өзара сауда айналымы 40 млрд долларды құраған.

«Еуропалық Одаққа қажетті шикізатқа Қазақстан бай. Оны тек экспорттап қоймай, сол жерде өңдеу ел экономикасына қомақты кіріс әкеледі. Осы аса маңызды шикізатты «Транскаспий»көлік дәлізі арқылы Еуропаға жеткізу-екіжақты қатынасты күшейтеді», - дейді Азиялық зерттеулердің Еуропалық институтының директоры Аксель Готальс.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 желтоқсан 2023