Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Андрей Лаврентьев "АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа инвесторы болды

azattyq.org

Андрей Лаврентьев АрселорМиттал Теміртаудың жаңа инвесторы болды

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жаңа инвесторы қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев болды. Бұл жөнінде өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жұма күнгі брифинг кезінде мәлімдеді.Лаврентьев — Allur компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы. (Аталған топ құрамында "Агромашхолдинг" және "СарыарқаАвтоПром" компаниясы бар). ArcelorMittal-ға ребрендинг жасалып, кәсіпорын басқа атауға ие болады. Кәсіпорынның жаңа атауы "Қармет" болуы ықтимал."Басқару құқығы оларға алдағы бір-екі күнде көшеді" деді журналистер сұрақтарына жауап берген Шарлапаев.Оның айтуынша, Қазақстан үкіметі мен АМТ арасында алғашқы келіссөз былтыр Ленин шахтасындағы апаттан кейін яғни, 2022 жылы 3 қарашада басталған. Келіссөз кезеңі 11 раундқа созылды: жетеуі 2023 жылдың қыркүйегінен кейін болған. Шарлапаевтың сөзінше, "АрселорМиттал Теміртау" активін 3,5 млрд долларға бағалаған. Алайда үкімет пен халықаралық кеңесшілер бұл бағаға келіспеген.(Ақпарат толықтырылады).