Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда 5 мың сарбаздың несиесі кейінге қалдырылыпты

newsroom.kz

Қазақстанда 5 мың сарбаздың несиесі кейінге қалдырылыпты

Қазақстанның Қарулы күштерінің қатарында әскери борышын өтеп жүрген 5 мыңнан астам сарбаздың 2 млрд-қа жуық несиесі кейінге қалдырылды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Қорғаныс министрлігі мәлімдеуінше, Қорғаныс министрлі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумның нәтижесінде борышын өтеп жүрген әскери қызметшілерге банктік қарыздар мен шағын несиелік төлемдерін кейінге қалдыру тәжірибесі реттелген.

Қазіргі кезде 5 мыңнан астам сарбаздың 1 млрд 875 млн теңге несиесі кейінге қалдырылды. Қазіргі уақытта банктер мен микрокредиттік ұйымдарда 1,6 млрд теңге сомасына 5 мыңға жуық әскери қызметшінің өтініштері қаралу үстінде. Одан бөлек қорғаныс ведомствосының бұл бастамасы заң жүзінде бекітуді және мүдделі ұйымдардың бірлескен техникалық шешімін талап етеді.

Қорғаныс министрлігінің сарбаздары үшін әлеуметтік қолдау шараларын заң тұрғысында реттеу мақсатында "Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы" ҚР Заңына 50-1-бапты енгізуге бастамашы болды. Заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралып жатыр.

Министрліктің мәлімдеуінше, несиені кейінге қалдыру әскери жиындағы бүкіл кезеңге беріледі деп күтілуде. Бұл ретте мәлімет алмасу мүдделі органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылы арқылы іске асырылуға тиіс.

Процестерді автоматтандыру үшін Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және "Мемлекеттік кредиттік бюро" АҚ-мен бірлесіп проактивті форматта өзара іс-қимыл алгоритмін әзірледі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар