Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркістан облысында биылғы 1 тоқсанда 38,4 мың адам...

turkistan.today

Түркістан облысында биылғы 1 тоқсанда 38,4 мың адам...

Өңір тұрғындарын жұмыспен қамту бойынша Түркістан облысында бірқатар жобалар қолға алынған болатын. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен аппарат мәжілісі өтіп, онда халықты жұмыспен қамту және жұмыс орындарын құру туралы талқыланды,- деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Өңір басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.– Жұмыспен қамту саласына жауапты басқарма осы саладағы жұмыстарды негізгі үйлестірушіге айналуы тиіс. Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және өзге де басқармалармен тығыз байланыста жұмыс істеңіздер. Ашылған жұмыс орындарын есепке алу маңызды. Ақпарат алмасып, индикаторларды бірге орындаңыздар. Жыл басындағы бір жоспарды бекітіп алып, сол сандарды ғана сөйлетіп отыра беруге болмайды. Көрсеткіштер, тапсырмалар сәт сайын өзгеріп жатыр. Уақыт ағымымен жұмыс істеу керек. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайтып, жұмыспен қамту шараларын күшейтіңіздер. Белгілі бір бағыттарға жауапты болып, нәтиже көрсетуге күш салған абзал. Мысалы, туризмге жауапты басқармамен бірлесіп, қолөнершілерге қолдау көрсету жағын үйлестіруді қарап көріңіздер. Өңірдің ерекшелігін, қазақтың мәдениеті мен қолөнерінен сыр шертетін қолөнер бұйымдарын шығаратын азаматтар шоғырын қалыптастырыңыздар. Қысқасы, қозғалыс, ізденіс қажет, – деді Дархан Сатыбалды.Жиналыс барысында Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева халықты жұмыспен қамту шаралары туралы баяндады.2024 жылы облыс әкімімен бекітілген «Өңірдің жұмыспен қамту картасы» аясында 118,9 мың жұмыс орны ашу жоспарланған. Оның ішінде тұрақты және уақытша жұмыс орындары, сонымен қатар Ұлттық жобалар мен тұжырымдамаларда ашылатын жұмыс орындарына жолдау, 7,2 мың адамға грант және шағын несие беру көзделген. І тоқсанда 38 мың адамды жұмыспен қамту көзделіп, нақты 38,4 мың адам жұмыспен қамту шараларына жолданды. Тиісінше, тоқсандық жоспар 101% орындалды.«Еңбек» бағыты бойынша биыл 85,4 мың азаматты, оның ішінде 43,3 мың адамды тұрақты, 42,1 мың адамды уақытша жұмысқа жолдау жоспарланды. І тоқсанда нақты 35,1 мың адам, оның ішінде 8,6 мың адам тұрақты, 26,5 мың адам субсидияланған уақытша жұмыс орындарымен қамтылды. Егін егу, дала жұмыстары басталуына байланысты сәуір айынан бастап әлеуметтік және қоғамдық жұмыс орындары бойынша жоспарлық көрсеткішке сәйкес жұмыссыздарға жолдама беріліп келеді.Субсидияланған жұмыс орындарының ішінде жоспар көрсеткіші ең жоғарысы қоғамдық жұмыс орындары болып саналады. 2024 жылы қоғамдық жұмысқа 14 мыңға жуық жұмыссыз азаматты жолдау жоспарланған. Соның ішінде 10 мыңға жуық азаматқа жолдама берілген.Облыста экономикалық салаларына сәйкес іске асырылып жатқан 6 Ұлттық жоба мен Тұжырымдама негізінде 397 инфрақұрылымдық жобаға жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп, жұмыс жүруде.Облыс әкімінің тапсырмасы негізінде облыс бойынша жеке инвесторлар есебінен іске асырылатын 77 жобадағы 741 жаңа жұмыс орнының ашылуына тұрақты түрде бақылау жүргізілуде. Бекітілген кестеге сәйкес инвестициялық жобалар ІІ тоқсанда басталады деп жоспарланып отыр. Барлық инвестормен төртжақты Меморандум түзіліп, бүгінгі таңға 14 жоба басталып 86 жұмыс орны ашылды. Қазығұрт, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш аудандары мен Кентау қаласындағы жобаларда жұмыс орындары ашылған. Мақтаарал, Сауран, Созақ, Түлкібас аудандары мен Кентау қаласында жобалар мамыр-маусым айларында басталады деп күтілуде.Облыста жұмыс берушілердегі бос жұмыс орындары бойынша мәліметтер «enbek.kz» электрондық еңбек биржасына жинақталады. Бүгінде аталған порталға облыс бойынша 1816 тұрақты жұмыс орны жарияланған. Осыған байланысты, аудан, қала әкімдерінің жеке инвестиция тарту арқылы жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу әрбір басты міндеттерінің бірі болуы қажет.Күн тәртібінде жұмыспен қамту мен кедейлікті төмендету шараларына қатысты ұсыныстар айтылды. Тапсырмалар бақылауға алынды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 маусым 2024