Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Арыстағы мұнай өңдеу зауыты келешекте ішкі нарықты...

turkistan.today

Арыстағы мұнай өңдеу зауыты келешекте ішкі нарықты...

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Арыс қаласында мұнай өнімдерін өңдейтін зауыт жұмысымен танысты. «Қаратау Транс Сервис» зауыты мұнай өнімдерін өңдеумен айналысады,-деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Инвестиция көлемі 11 млрд. теңгені құраған. Зауыт басшылығы Арыста өндірілетін мұнай өнімдерімен ішкі нарықты қамтуды көздейді. Кәсіпкер өндіріс орнын кешенді дамытуға арналған алдағы жоспарларымен бөлісті.Өндірісте 45 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын жылына 125 мың тонна мұндай өнімдерін өңдейді. Оның ішінде, жылына 26 180 тонна жанармай, 28 000 тонна дизель отынын, 12 420 тонна керосин мен 54 250 тонна мазут өнімдерін шығарады. Зауыт кәсіпкердің жеке қаражат есебінен салынған.Жұмыс сапары барысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Арыс қаласында орналасқан «Арыс» минералды су ЖШС-нің жұмысымен танысты. Табиғи минералды суға сұраныс жоғары. Мұнда тәулігіне 15 мың құты, жылына 18 млн. литр минералды су сатылымға шығарылады. 20-дан астам арыстық азамат жұмыспен қамтылған. Шипалы сусын 1870 метр тереңдіктен алынады. Судың емдік қасиеті мол, ол жөнінде курортология институтының қорытындылары алынған. Табиғи минералды ауызсу Арыс қаласы мен Түркістан облысының өзге аудандарына және көрші облыстарға жөнелтілуде.Облыс әкімі Арыс қаласында өндіріс саласы өркен жайып келе жатқанын атап өтті.– Арыста соңғы жылдарда тартылған инвестиция көлемі едәуір ұлғайды. Біздің міндетіміз – инвестиция тарту ғана емес, жаңа жұмыс орындарын ашу. Оның ішінде, жергілікті халықты жұмыспен қамту басты назарда. Сондықтан, бұл жұмыстарды ширату керек, – деді өңір басшысы.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 маусым 2024