Қаратұрындағы алты айға созылған өрт бойынша 361 млн теңге айыппұл салынды
Бұл жайында департамент басшысы Армат Жүсіпқалиев мәлімдеді. Департамент тарапынан биыл бірінші жарты жылдықта 2 субъектіге («Эко-Техникс» ЖШС, «Aktau Tourism City Ltd» ЖШС) профилактикалық бақылау және 16 мекеменің талаптарға сәйкестігіне тексеру жұмысы кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, биыл 4 ай ішінде 8 мекемеге жоспардан тыс тексеріс жасалған.
— Соның ішінде «Бозашы Мұнай» ЖШС компаниясы да бар. Онда 6 ай бойы ұңғымада жанған өрттен ауаға 2540 мг/м3, яғни 120 есе артық метан тарағаны анықталды. Сондықтан серіктестікке 361,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Жалпы тексерудің нәтижесінде тағы 7 мекемеге 23 567 млн теңге айыппұл салынды. Барлық айыппұл мемлекетке өндірілді, -дейді облыстық экология департаментінің басшысы Армат Жүсіпқалиев.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Маусым, 30
-
- Сәуір, 11
-
Күнделікті жаңалықтар
18 қыркүйек 2026