Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Пилоттық ауыл шаруашылығы санағы онлайн және офлайн түрде жүргізілетін болады

ktk.kz

Пилоттық ауыл шаруашылығы санағы онлайн және офлайн түрде жүргізілетін болады

ҰСБ мәліметтері бойынша, пилоттық санақ 2024 жылдың 20 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында өтеді. Респонденттер санақ парақтарын sanaq.gov.kz. мамандандырылған сайтта онлайн режимінде өз бетінше толтыра алады. Сонымен қатар бюроның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері пилоттық жоба үшін арнайы таңдалған 54 елді мекендегі шаруашылық өкілдеріне іріктеп сауалнама жүргізетін болады.

Сондай-ақ жиында мал және өсімдік шаруашылығы статистикасын өзектендіру мәселелері талқыланды. Бұған дейін хабарланғандай, 2023 жылғы мал шаруашылығы бойынша деректер жаңартылып, мамандандырылған ҰСБ бюллетенінде жарияланады. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов өсімдік шаруашылығындағы деректерді өзектендіру жалғасып жатқанын және оны тамыз айында аяқтау жоспарланып отырғанын айтты.

Кеңес қорытындысы бойынша вице-премьер Ұлттық статистика бюросына ауыл шаруашылығы санағын өткізудің мақсаттары мен тәртібі туралы бойынша пилоттық режим басталуы қарсаңында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы туралы мәліметтерді өзектендіру жұмыстарын сапалы аяқтауды тапсырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2024