Қор нарығында доллар қымбаттап жатыр
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,33 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 478,58 теңге. Ұлттық банктің 19 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 477,03 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,43 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 476,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 478,7 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 475 теңге, сатып алу құны – 480 теңге. Ресей рублі 5,33 – 5,50 теңге аралығында саудаланып жатыр. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Маусым, 30
-
- Сәуір, 11
-
Күнделікті жаңалықтар
17 қараша 2026