Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жамбыл облысында 2,2 млрд теңге сомасына мемлекеттік сатып алу конкурсының күші жойылды

ktk.kz

Жамбыл облысында 2,2 млрд теңге сомасына мемлекеттік сатып алу конкурсының күші жойылды

Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды талдау шеңберінде мәліметтерді бұрмалау фактісі анықталды.

Қатысушылардың бірі өз біліктілігі туралы дұрыс емес мәліметтер берген. Ол бұрын орындалған объектілер туралы ақпаратты бұрмалайтын құжаттарды веб-порталдың электрондық депозитарийіне салып, нәтижесінде жұмыс тәжірибесін арттырған. Бұл жосықсыз қатысушыны құны 2,2 млрд теңге болатын сумен жабдықтау объектілерін салуға арналған конкурстың жеңімпазы деп тануға негіз болды.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде облыс әкімдігі мердігерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы және конкурстардың қорытындыларын жарамсыз деп тану туралы МАЭС-ке талап қою енгізді.

07.08.2024 жылы талап қою толығымен қанағаттандырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қазан 2024