Прокуратура: Маңғыстау облысында балабақшалар мемлекетке 72,2 млн теңге залал келтірген
Маңғыстау прокурорлары балабақшаларда бір қатар бұзушылықтарды анықтады. Маңғыстау облысы прокуратура органдарымен өңірдегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тексерілуде. Нәтижесінде санитарлық нормалар, өрт қауіпсіздігі, еңбек заңнамасы, білім беру және медициналық қызмет салаларында бұзушылықтар анықталды. «Қазіргі уақытта аяқталған тексерулер бойынша 600-ге жуық әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Сондай-ақ, тексеру нәтижесімен 15 бала бақшадан (3 мемлекеттік, 12 жеке меншік бала бақша) 72,2 млн теңгеге мемлекетке залал келтіру дерегі анықталды. Атап айтқанда, 12 жеке меншік балабақшада қатыспаған балалар үшін негізсіз мемлекеттен 47 млн теңге көлемінде қаражат алған», – делінген облыстық прокуратураның хабарламасында. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұдан бөлек, 3 мемлекеттік бала бақшаның есепшілерімен 25 млн теңгеге қаражатты жымқыру дерегі анықталып, ҚК-тің 189-бабымен (жымқыру) 2 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
6 қазан 2024