Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жаңа Салық кодексі: Жоспарлы салықтық тексерулер алынып тасталмақ

ktk.kz

Жаңа Салық кодексі: Жоспарлы салықтық тексерулер алынып тасталмақ

«Мемлекет басшысы фискалдық саясат бойынша, оның ішінде Салық кодексінің жобасы аясында бірқатар міндеттер қойды, оларды шешу қажет. Салық кодексінің жобасында берешек мөлшеріне қарай мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану ұсынылады. Сонымен қатар, жоспарлы салықтық тексерулер алынып тасталады. Шамамен 5,0 млн теңге мөлшерінде берешек болған кезде кейінге қалдыру/бөліп-бөліп төлеу көзделген. Салықтық жеңілдіктердің тиімділігін арттыру үшін жобада тиімсіз салықтық жеңілдіктердің бір бөлігі алынып тасталды. Барлық берілген жеңілдіктерді салықтық есептілікте көрсету көзделетін болады. Қайта бөлінудің жоғары деңгейіндегі өнімдері экспорттаушылар үшін корпоративтік табыс салығының 10 пайыз төмендетілген мөлшерлемесі көзделген. Бұдан басқа, автомобиль өткізу пункттері бойынша осы жылдың соңына дейін - 5, қалған 4 пункт келесі жылы пайдалануға беріледі», - деді министр.

Оның атап өтуінше, Мемлекет басшысының фискалдық саясат жөніндегі тапсырмаларын іске асыру үшін қосымша мынадай мәселелер пысықталатын болады:

- жеке табыс салығының сараланған мөлшерлемесін белгілеу;

- банк секторы акционерлерінің дивидендтеріне әділ қосымша салық салу;

- салық жеңілдіктерінің тиімділігін арттыру;

- кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдайларды нашарлатпай салық режимдерін оңтайландыру;

- салықтық әкімшілендіруді толық цифрландыру, оның жазалау тәсілінен бас тарту;

- цифрлық теңгені пайдалана отырып, қосымша құн салығын әкімшілендіру тетігін енгізу.

«Жаңа Салық кодексін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізе отырып, 2025 жылғы шілдеге дейін қабылдау ұсынылады. Бұл белсенді бұқаралық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, заңға тәуелді актілерді әзірлеуге және Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерін дайындауға мүмкіндік береді», - деді Нұрлан Байбазаров.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 қазан 2024