Тасқыннан қорасы қираған шаруалардың өтініші 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін қаралады
«Егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы бойынша тасқыннан келген шығындардың өтеуі ретінде 3,5 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Сондай-ақ, тасқын салдарынан фермерлердің қоражайлары мен техникасы бүлінді. Мен жергілікті комиссияларға тапсырма бердім. Осындай шығын бойынша түскен өтініштерді де қараңыздар дедім», - деді вице-премьер Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Қанат Бозымбаев аталған тапсырмаға байланысты тамыз айында біз тиісті бұйрықтар қабылданған атап өтті.
«Қазіргі алдын ала мәлімет бойынша, агроөнеркәсіп кешенінің жылжымайтын мүліктерімен, қоймаларымен, өзге де нысандарымен байланысты шығындардың көлемі - 4,5 млрд теңге. Біз осы өтініштерді қарап, өтеудің мерзімін келесі жылдың 1 сәуіріне дейін ұзарттық», - деді Қанат Бозымбаев.
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
6 қазан 2024