Трамп президент болған күні доллар үш теңгеге қымбаттады
6 қарашадағы Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 492,14 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш алдыңғы күнмен салыстырғанда 3,13 теңгеге жоғары. Қазіргі таңда Ұлттық банктің ресми бағамы 1 АҚШ доллары үшін 488,91 теңге деп белгіленген.
Алматы мен Астана қалаларындағы айырбастау орындарында доллардың бағасы әртүрлі деңгейде қалыптасқан. Алматыда долларды орташа есеппен 491,65 теңгеге сатып алуға болады, ал сату бағамы – 493,34 теңге. Астанадағы айырбастау орындарында сатып алу бағамы 489,98 теңге болса, сату бағамы 494,97 теңгеге жетіп отыр.
Мамандардың айтуынша, доллар бағамының өсуі теңгенің құнсыздануын көрсетеді және бұл үрдіс импорттық тауарлар бағасына әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, ұлттық валютаға қатысты жағдай экономикалық тұрақтылықты сақтау үшін Ұлттық банктің ақша-несие саясатына тікелей байланысты болмақ.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
9 желтоқсан 2024