Доллар тағы қымбаттады
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,68 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 494,95 теңге.
Kurs.kz мәліметінше,қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 495,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 497,3 теңге.Еуро 525 — 530 теңге аралығында саудалануда.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 493 теңге, сатып алу құны – 498 теңге.Еуро 527 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.
Ресей рублі 5,02 – 5,12 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 12 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 492,65 теңге.Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,03 теңге.Еуро — 525,71.
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
6 желтоқсан 2024