Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Желтоқсан айында қанша қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды

ktk.kz

Желтоқсан айында қанша қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды

Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, аталған төлемді тағайындауға жалпы 14 195 адам өтініш білдірген.

"Екі көзден төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 3 201 адам жүгінді, оның ішінде 3 087 адамға тағайындалды", - дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Ал, төрт қаржыландыру көзінен берілетін АӘТ (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 10 994 адам өтініш білдіріп, оның 10 336-сына тағайындалған.

"Сондай-ақ, 240 азамат сақтандыру компаниясымен зейнеткерлік аннуитет шартының жасалуын күтуде, 138 азамат СМС хабарламаға жауап бермеген. Міндетті шарттарды орындамағандықтан, 394 өтініш берушіге АӘТ тағайындаудан бас тартылды", - делінген ақпаратта.

Өңірлер бойынша АӘТ алуға өтініш білдіргендердің ең көп саны тіркелген:

Қарағанды ​​(2 көзден – 546 адам, 4 көзден – 1 926 адам),

Қостанай (2 көзден – 343 адам, ал 4 көзден – 1 172 адам),

Шығыс Қазақстан облысы (2 көзден – 287 адам, ал 4 көзден – 1 204 адам).

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 қаңтар 2025