Қазақстаннан Жапония мен АҚШ-қа жаңа әуе рейстері қашан ашылады
— 2025 жылы Air Astana әуекомпаниясы «Алматы-Нячанг» (Вьетнам), «Астана-Нячанг» және «Алматы-Франкфурт» бағыттары бойынша жаңа рейстер ашуды жоспарлап отыр. Ал малайзиялық «Air Asia x» авиакомпаниясы «Алматы — Куала-Лумпур» бағыты бойынша рейстер санын аптасына 7 ретке дейін арттыруды есерілген, — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Ведомство ақпаратына қарағанда, орта мерзімді перспективада Будапешт, Рига, Вена және Мюнхен қалаларына рейстер ашу пысықталып жатыр.
— Сонымен қатар, 2025 және 2026 жылдары Жапонияға, АҚШ-қа, Сингапурға, сондай-ақ Мароккоға жаңа әуе маршруттарын ашу жоспарланған, — деп аталып өткен министрлік ақпаратында.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
5 ақпан 2025