Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанға жаңа локомотивтер қайдан жеткізіледі

ktk.kz

Қазақстанға жаңа локомотивтер қайдан жеткізіледі

Қазіргі кезде паркте 1807 локомотив бар, олардың тозуы деңгейі 61% шамасында.

- Локомотивтер паркінің тозуын азайту және жаңарту мақсатында 2024 жылы 185-і сатып алынды, соның 44-і электровоз және 141-і тепловоз, оның ішінде 20-сы маневрлік тепловоз. Ал 2025 жылы 200 локомотив сатып алу жоспарланған. Локомотивтер LKZ (Wabtec), EKZ (Alstom), CRRC (ҚХР) зауыттарында жасалынады. 2024 жылы Қытай өндірісінің 200 тепловозын жеткізуге келісімшарт жасалды (CRRC), оның ішінде 100 маневрлік және 100 магистральды тепловоз қамтылған. Осы келісім аясында 2025 жылы 94 және 2026 жылы 36-сын жеткізу ескерілген, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Ведомство ақпаратына қарағанда, 2023 жылы «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС мен «Брянск машина жасау зауыты» басқарушы компаниясы» АҚ арасында 2ТЭ25КМ сериялы сертификатталған 50 магистральдық тепловоз сатып алуға шарт жасалды, олар толық көлемде жеткізілді.

- Қазіргі кезде жолаушылар вагондарыны саны 2 667-ге жетті, тозуы деңгейі – 44 пайыз. 2023 жылы 118 жолаушылар вагоны сатып алынды, оның ішінде 11 вагон мүгедектігі бар адамдарға арналған. 2024 жылы 143 вагон сатып алынды, соның арасында жетеуі мүгедектігі бар адамдарға қолайлы етіп жасалған. Сонымен қатар, «ЗИКСТО» АҚ-мен 157 вагон сатып алуға келісімшарт жасалды, оның ішінде 14 вагонның арнайы купесі бар, - деп аталып өткен министрлік мәліметінде.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 ақпан 2025