Текеліде қаруланған азамат адамдарға шабуылдап, біреуін өлтіріп тастады

Текеліде қаруланған азамат адамдарға шабуылдап, біреуін өлтіріп тастады

kaz.nur.kz

Текелі қаласында әке мен балаға шабуыл жасады деп күдіктелген азамат ұсталды. Жәбірленушілердің бірі ауруханада қайтыс болған деп жазады
Sputnik Қазақстан.
Алматы облыстық полиция департаменті оқиғаның 8 ақпан күні орын алғанын мәлімдеді.
Анықталғандай, әке мен ұл дүкендердің бірінің жанында бөгде ер азаматпен жанжалдасып қалған. Төбелес кезінде белгісіз жан қолына пышақ алып, қарсыластарын ұрған.
Нәтижесінде, 53 жастағы азамат пышақ жарақатынан қайтыс болды. Ал оның 27 жастағы ұлы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.
Қазір күдікті ұсталды. Сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Жаңалықты толығымен оқыңыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз:

Сондай-ақ оқыңыз: