Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жолаушылар ұшағына найзағай түсті

ktk.kz

Жолаушылар ұшағына найзағай түсті

Қуанышқа орай, лайнерге зақым келмеді. LAD Bible хабарлауынша, Ұлыбританияда қолайсыз ауа райында әуеге көтерілген жолаушылар ұшағына найзағай түсті. Aer Lingus әуекомпаниясына тиесілі ұшақ Бирмингем әуежайынан ұшып шығып, Дублинге бағыт алған. Осы кезде "Сиара" дауылынан кейін туындаған қолайсыз ауа райы тіркелген. Ұшақ жаңбырда ұшып бара жатқан, осы кезде оған найзағай түседі. Видеода ұшақ бағытынан сәл жылжып, бұрылады да ұшуды ары қарай жалғастырады. Әуекомпания өкілдері ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін найзағай түскенін растады, алайда бортта отырған жолаушылар зардап шекпеген және ұшақ Дублинге сәтті қонған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024