Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтөбеде балабақшадан өрт шықты

ktk.kz

Ақтөбеде балабақшадан өрт шықты

Бүгін сағат 9:15-те Ақтөбе қаласы, Тұрғындар қалашығы ауданындағы «Әсел» балабақшасынан өрт шықты. 102 нөміріне хабар түскен бойда оқиға орнына полиция жедел жеткен. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ғимарат ішінен түтін шыққанын көрген құқық қорғаушылар дереу құтқару жұмыстарына кірісіп, 90 баланы эвакуациялады. Олардың барлығын автобусқа отырғызды. «Электр тогының қысқа тұйықталуынан жан-жағы жана бастаған, бірақ жалын кең тарап кетпеді. Барлығы 130 адам эвакуацияланды. Басым бөлігі - бүлдіршіндер. Өрт сөндіру қызметінен 20-ға жуық техника мен 60 адам жұмылдырылды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024