Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Теңіз кен орнында өрт шықты

inform.kz

Теңіз кен орнында өрт шықты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Атырау облысындағы «Теңізшевройл» ЖШС өңдейтін Теңіз кен орнында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Теңізшевройл» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, Үшінші буынды өңдеу зауытының аумағында сыйымдылық қоймасында өрт шыққан. «Бесінші наурызда сағат 16:00-дер шамасында ТШО-ның апат жөніндегі операторына Шикі газды жер қойнауына айдау құрылғысы құрылысының аумағында өрт шыққаны хабарланған. Оқиға болған жерге ТШО-ның өрт-апат қызметінің жасағы аттандырылды. Бір жарым сағаттан соң өрт толық сөндірілді. Персоналдың ешқайсысы зардап шекпеді», - деп мәлім етті «Теңізшевройл» ЖШС баспасөз қызметі. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Автор А.Соколов
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024