Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Дәрігерлер кәріз құдығына батып кеткен баланың өмірін аман алып қалды

ktk.kz

Дәрігерлер кәріз құдығына батып кеткен баланың өмірін аман алып қалды

Оқиға Мақат ауылында 4 наурыз күні орын алған. 3 жасар бала құдыққа түсіп кетіпті. Баланың әкесі оны өз бетімен шығарып алып, бүлдіршінге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге тырысқан. "Әкесі баласын өзі шығарып алып, оған көмек көрсеткен. Бірақ бала есін жимапты. Жедел жәрдемге хабарлаған. Келіп жеткен дәрігерлер реанимациялық әрекеттер жасап, баланың тынысын қалпына келтірген", - деді облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігерінің орынбасары Наргиз Баймолдаева. Бала жансақтау бөліміне жатқызылыпты. Дәрігерлер бес сағат бойы оның асқазаны мен басқа да мүшелерін тазалаған. Қазір ұл баланың жағдайы жақсарып келеді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024