Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Коронавирус: Нұр-Сұлтан әуежайында 600-ге жуық жолаушы тексеріліп жатыр

inform.kz

Коронавирус: Нұр-Сұлтан әуежайында 600-ге жуық жолаушы тексеріліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежайға келген 600-ге жуық жолаушы оқшауланды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «ТЖ режимінің енгізілуіне байланысты, Нұр-Сұлтан қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежайға келетін барлық жолаушыларды оқшаулау туралы шешім қабылданды. 22 наурызда 6 рейс арқылы - Дубай, Токио, Минск, Мәскеу, Лондон, Ыстанбұл қалаларынан 596 жолаушы келді. Оның 577-сі немесе 97 пайызы коронавирустық инфекцияға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарға жатқызылды», - деді басқарма басшысы «Хабар 24» телеарнасында өткен брифингте
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 сәуір 2024