Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қызылорда облысында киік атқан браконьерлер іздестірілуде

24.kz

Қызылорда облысында киік атқан браконьерлер іздестірілуде

Бүгін «Охотзоопром» инспекторлары Қызылорда қаласындағы блокпостты айналып қашпақ болған екі автокөліктегі браконьерлердің ізін шалды, деп хабарлайды «Хабар 24».Қуғын кезінде бір көлік аударылған. Бұған қарамастан браконьерлер екінші көлікпен ізін суытып үлгерген. Аударылған көлікті тексеру барысында 54 киіктің еті мен 224 мүйізі, МР-153 маркалы аңшы қаруы, 25 патрон, пышақ, дүрбі табылған. Мамандардың айтуынша, көлік аңшылыққа арнайы жабдықталған, ал мемлекеттік номері тіркеуде жоқ болып шықты. Қазіргі уақытта жедел іздестіру шаралары басталып, Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024