Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Оралда тоғыз қабатты жатақханадан өрт шықты

24.kz

Оралда тоғыз қабатты жатақханадан өрт шықты

Орал қаласының өртке қарсы қызметіне 16 сәуір күні сағат 22:28-де Еуразия даңғылындағы тоғыз қабатты жатақханада өрт болып жатқаны туралы хабарлама түсті.Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер тілсіз жаудың алтыншы қабаттағы пәтерден шыққанын анықтады.80 шаршы метр аумақты қамтыған өрт 23:05 минутта ауыздықталды. 119 адам эвакуацияланды, оның ішінде 43 бала бар. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.Тілсіз жаудың шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінен 32 адам мен 9 техника жұмылдырылды.Жатақхана қоршауға алынды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024