Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Коронавирусқа шалдыққан екі айлық нәресте жазылып шықты

kz.otyrar.kz

Коронавирусқа шалдыққан екі айлық нәресте жазылып шықты

Шымкент қаласында коронавирустан тағы 4 науқас сауығып, ауруханадан шықты. Сондай-ақ, бұл отбасынан қауіпті індетке шалдыққан екі айлық нәресте инфекциядан жазылып шықты. Дәрігерлер үздіксіз жасаған емнің нәтижесінде Түркістан облысынан 6-сәуір күні ауыр халде 1972 жылғы азамат қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылған еді. Бір аптаға жуық жансақтау бөлімінде жатқан науқастың өмірі үшін дәрігерлер күресіп, оң нәтижеге қол жеткізді. Денсаулық жағдайы жақсарған азамат 20-сәуір күні үйіне шығарылды. Бүгінде Шымкент қаласы бойынша 16 азамат коронавирустан жазылып, үйіне шығарылған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024