Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Нұр-Сұлтанда ер адам жаяу жүргіншілерді пышақпен қорқытқан

ktk.kz

Нұр-Сұлтанда ер адам жаяу жүргіншілерді пышақпен қорқытқан

14 мамырда қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқару барысында Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің әскери жасағы үй ауласынан айқайлаған дауыстарды естіген. Әскери жасақ бастығы Нұрдәулет Балтабаев патрульдегі Иван Душенин мен Нұрлан Бисенқұловпен бірге аулаға барып, ас үй пышаған ұстаған ер адамның көшедегі адамдарды қорқытып жатқанын көрген. "Әскери қызметшілер оны тыныштандыруға тырысты. Алайда тәртіп сақшыларының заңды талаптарын ер адам елемеді. Содан кейін олар күш қолданып, тәртіп бұзушыны ұстады", - делінген полиция хабарламасында. Ұлттық ұлан сарбаздары патрульдік топ бастығына оқиға туралы хабарлаған. Ол оқиға орнына келіп, мән-жайды анықтау үшін тергеу-жедел тобын шақырған. 19
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024