Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елордада көпқабатты үйден өрт шықты

turkystan.kz

Елордада көпқабатты үйден өрт шықты

Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті елордада көпқабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы мәлімет таратты. «Сағат 17-08-де өрт сөндіру бөлімшесі Майлин көшесі 9 мекенжайы бойынша оқиға орнына аттанды. Оқиға орнына жеткен кезде пәтерде үй мүлкі, балкон және бөлме өртеніп жатқаны анықталды. Сәл уақыттан кейін өрт көрші пәтерге таралып, оны да балконы өртенді», – деді департамент. Ведомство мәліметінше, қызыл жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыған. Сағат 17-30-жа өрттің алды алынып, сағат 17-44-те толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024