Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елордада газ баллоны жарылып, тұрғын үй өртенді

ktk.kz

Елордада газ баллоны жарылып, тұрғын үй өртенді

Өрт сөндірушілер қазір тілсіз жаумен күресіп жатыр. «Бүгін сағат 17.47 уақытында «101» пультіне Жангелдин көшесі, 31/4 мекенжайындағы жер үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері оқиға орнына 4 минутта жетті. Өрт сөндірушілер келген кезде қызыл жалын едәуір үдеп кеткен еді. Белгілі болғандай, газ баллоны жарылып, артынша тілсіз жау сол үйдің жанындағы коттеджді де шарпып кеткен», - деп хабарлайды департаменттен. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер өртті сөндіріп жатыр. Тілсіз жауды ауыздықтауға қосымша күш те жұмылдырылған. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 8 арнайы техника мен жеке құрамнан 33 адам тартылған. Дереккөз:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024